Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын үздіксіз жүргізуде.
Мәселен, ПД КПБ қызметкерлері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында орналасқан зират аумағынан қара түсті полиэтилен пакетін тапты, нәтижесінде 2 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 17 патрон және бронежилеттің 1 темір қалқаны тәркіленді.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 4 тамызда ПД КПБ қызметкерлері УЖД 158/1 қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ауданының аумағынан ақ түсті полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінен ПД-дан ұрланған 1 автомат, 1 қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.
2022 жылғы 8 тамызда облыс орталығы аумағында тас үйіндісінің астынан көк түсті қап табылып, оның ішіндегі 1 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.
Сол күні жанармай құю бекетінің жанынан автомат табылды. Тиісті сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
2022 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 8 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 3 тапанша мен 2 автомат тәркіленді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.