Тараз қаласы 1-полиция бөліміне 61-жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жайлы хабарлап,арызданған. Ол өз арызында, белгісiз тұлғаның «мал шаруашылығына арналған арнайы қайтарымсыз 5 миллион теңге көлемінде несие алып беремін» деп, сеніміне кіре отырып, 2021 жылы 530 000 мың, 2022 жылы 670 000 мың теңге көлемінде ақшасын иемденгенiн баяндаған.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 32-жастағы Жуалы ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша алдап алынған қаражатты өз меншігіне жұмсап, жаңа маркалы ұялы телефон, азық-түлік пен киім-кешек алып отырған.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.