Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025

      Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » RSVP Global Awards 2023: Түркия «Сүйікті бағыт» номинаиясын жеңіп алды

    RSVP Global Awards 2023: Түркия «Сүйікті бағыт» номинаиясын жеңіп алды

    Жаһан 26.04.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Үйлену тойын Түркияда өткізуге қызығатын жастардың саны уақыт өтткен сайын артып келеді. Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы — RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың «Сүйікті бағыты» деген атауға ие болды.

    RSVP — түрлі симпозиумдар, конференциялар, марапаттау салтанаттары мен үйлену тойыларын ұйымдастыратын әлемдік ұйымдардың ортақ платформасы. RSVP конференциясы 2018 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл Испания астанасы Мадридте бас қосқан шараға 30 мемлекеттен 250-ге жуық ивент ұйымдастырушылар, танымал спикерлер, кәсіби мамандар қатысты. Үйлену тойлары мен түрлі шараларды өткізудегі соңғы үдерістер, брендинг пен дамуға қатысты мәселелер бойынша симпозиумдар болды.

    20 аталымнан тұратын RSVP Global Awards байқауында Түркия «Сүйікті бағыт» номинаиясын жеңіп алды. Ұйымның келесі басқосуы 2024 жылы 2-5 сәуірде Ыстамбұлда өткізілетіні анықталды. Байқау нәтижесінде Ыстамбұл премиум-класс санатындағы әлемдік шараларды ұйымдастыруға лайықты заманауи қала ретінде аталды.

    © pixabay.com/Pexels

    Батыс пен Шығыстың мәдениеті мен тархын, салт-дәстүрін тоғыстырған Түркия саяхатшылар мен туристерге әр аймақтың өзіне тән ерекшелігі бар асханасымен, дәмді тағамымен де қызықты. Соңғы жылдары жас жұбайлар Ыстамбұл, Бодрум, Анталья, Каппадокия, Чечек, Чешме, Фетхиеде үйлену тойларын өткізуді дәстүрге айналдырған. Аталған бағыттарда той иелеріне ақыл-кеңес беретін тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олар тойдың маңызды бөлігінен ұсақ-түйегіне дейін жоспарлап, салтанатты кештің керемет өтуіне үлес қосады.

    Үйлену тойының жұмағы саналатын Ыстамбұлда тарихы тереңге тартқан ескі әдет-ғұрыппен бірге заманауи үдерістер қатар өріледі. Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұлға Жер шарының түкпір-түікпірінен тікелей жеткізетін авиарейстер қарастырылған. Той-думанды түріктер елінде жоспарлайтын қонақтар Ыстамбұлға кез келген құрлықтан оңай сапарлайды. Жабық кеңістікте немесе ашық аспан астында 200-ден 2000 адамға дейін күтуге жағдай қарастырылған сәнді той салондарында ине шаншар жер болмайды.Қонақтарға көңіл көтеретін шаралармен бірге спа-орталықтар, массаж залдары, жасыл желекке малынған бақтары ұсынылады.

    © pixabay.com

    Ыстамбұлда қымбат қонақүйлерімен қатар Осман империясынан қалған тарихи сарайлары мен виллаларында үйлену тойын өткізуге мүмкіндік бар. Падишаһтары билік құрған Осман империясының кезеңіндегі салтанатын сол қалпында сақтаған сарайларда шаңырақ құруға талпынған жастар алғашқы қадамдарын басады. Бұл мәңгілікке есте қалатын ерекше сәттер екені анық. Эгей теңізінің жағалауына орналасқан Бодрумда салтанатты тойлар көп өтеді. Ашық аспан асты мен жабық кеңістікте 150 адамнан 1000-ға дейін қонақ күте алатын той залдарының бір біріне ұқсамайтын ерекшелігі бар. Барлық мекенде жас жұбайлардың кез келген арманын жүзеге асырады.

    Оқылып жатыр

    Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

    01.04.2025

    Әзірбайжан ұшағына ресейлік зымыран тиген — Euronews

    26.12.2024

    Қырғыз елі мемлекеттік әнұранын қайта жазбақшы

    30.10.2024

    Туристер мінген ғарыш кемесі жерге оралды

    23.09.2024
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.