Қазақстан автомобиль жолдарының сапасы бойынша әлемдік рейтингте қаншасыншы орында?

0

Қазақстанда 157 мың шақырым автомобиль жолдары бар. Оның тек 25 мыңы республикалық, халықаралық маңызы бар жолдар. Өзгесі – облыстық, аудандық және елдімекендердегі көше желілері. Бұл – мақтанатын көрсеткіш емес. Жолдардың ұзындығы бойынша еліміз әлемде 32-орында. Жер көлемі бойынша Қазақстаннан 8 еседей кіші Германияда 645 мың шақырым жол бар. Ал сол автомобиль жолдарының сапасы бойынша әлемдік рейтингте елімізге 93-орын бұйырыпты. 2022 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 100 адамға шаққанда 22 автокөлік келеді. Демек, елде көлік көп, автожол аз, оның сапасы төмен.

Оның бір себебі – жол саласындағы білікті мамандардың тапшылығы. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мәліметіне қарасақ, Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандардың бірі – жол мамандары, инженерлері. Ал еліміздің оқу орындары жол саласының мамандарын тым аз даярлап жатыр. Жастардың аталған мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі республика аумағында мектептерді аралап, жоғарғы сынып оқушыларына жолшы мамандығының маңызын түсіндіруді қолға алған.

Осы мақсатта аталған мекеменің бас директоры Замир Сағынов Алматы қаласындағы дарынды балалар топтасқан Республикалық физика-математика мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасына арнайы келген Замир Садықұлы оқушыларға болашақта сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріп, жол құрылысы, жол саласының инженері мамандықтарының артықшылығын түсіндірді. Кездесуге қатысқан мектеп оқушылары да өте белсенді болды. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға бас директордан жауап алды. Кездесу соңында Замир Садықұлы оқушыларды Сапа орталығының зертханасымен танысуға шақырды.

Сапа орталығының әр облыстағы филиал басшылары мен инженерлері де өз өңіріндегі мектептерде оқушылармен кездесіп, оларға кәсіптік бағдар беріп, жол саласы мамандығын таңдауға шақырады. Қызығушылық танытқан тәлімгерлерді өз зертханаларын аралатып, жұмыс барысын таныстыруды да жолға қойған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.