Бокстан әлем біріншілігінің финалына кімдер шықты?

0

Қазақстан құрамасында бес боксшы финалға шықты. Әлем Чемпионатының финалында кімдер өнер көрсетеді?

Мырзағали Айтжанов шәкірттері жартылай финалда жеңілмеген жалғыз құрама. Өзбекстанның екі боксшысы, Куба және Ресейдің төрт боксшысы және Франция құрамасының бір боксшысы қола жүдегер атанды.

Бокстан ӘЧ финалында мына елдердің боксшылары сынға түседі.

🔹 Өзбекстан – 7 боксшы
🔹 Қазақстан – 5 боксшы
🔹 Куба – 4 боксшы
🔹 Ресей, Франция – 2 боксшы
🔹 Грузия, Моңғолия, Бразилия, Қытай, Әзербайжан және Италия – 1 боксшы

Барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жектер

🥊 48 келі:
Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Сахил Алахвердови (Грузия)

🥊 51 келі:
Белал Беннама (Франция) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

🥊 54 келі:
Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Ойбек Джураев (Өзбекстан)

🥊 57 келі:
Сайдель Хорта (Куба) – Абдумалик Халоков (Өзбекстан)

🥊 60 келі:
Лазаро Альварес (Куба) – Софьян Умия (Франция)

🥊 63,5 келі:
Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) – Баатарсух Чинзориг (Моңғолия)

🥊 67 келі:
Дулат Бекбауов (Қазақстан) – Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан)

🥊71 келі:
Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан)

🥊 75 келі:
Вандерлей Перейра (Бразилия) – Йонлис Эрнандес (Куба)

🥊 80 кклі:
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Тоқтарбек Таңатқан (Қытай)

🥊 86 келі:
Лорен Альфонсо (Әзербайжан) – Шарапутдин Атаев (Ресей)

🥊 92 келі:
Муслим Гаджимагомедов (Ресей) – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)

🥊 +92 келі:
Фернандо Арзола (Куба) – Баходир Джалолов (Өзбекстан)

13 мамыр күні: (бүгін) 51, 57, 63,5, 71, 80 және 92 келі салмақта, 14 мамырда (жексенбі) – 48, 54, 60, 67, 75, 86 және +92 келіде ақтық кездесулер өтеді.

Финалдық бәсекелерді 17:55-те «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.