Қазақстанда жыл басынан бері қанша педофил сотталған?

0

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін қанша адам сотталғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрлігі Massaget.kz порталының ресми сауалына берген жауабына сәйкес, осы жылдың төрт айында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған 352 адам пробация қызметінің есебінде тұр.

Департамент сотталғандарға қатысты арнайы шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

«Сотты болғандардың тұрғылықты жерін, мінез-құлқын, оның ішінде интернет желісіне қосылған байланыс құралдарын электронды бақылау түрінде жүзеге асырылады», – делінген ресми жауапта.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бері 114 сотталған адамға электрон бақылау қолданылған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.