Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының тұрғындары зиянкестерден зәбір көруде. Зиянкесті залалсыздандырып көрген. Нәтиже бермеген. Тұрғындар «ауыл ішіндегі диірменді алысқа көшірмей зиянкестен құтылмаймыз» деп әкімдік алдына жиналды.
Көпшілікпен кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды аяғына дейін тыңдамай көлігіне мініп қашпақ болды. Ашынған жұрт айғайға басып оны көліктен түсіріп алды, деп хабарлайды Astana.tv.
Аудандық шенеуніктер бір ай ішінде шыбын-шіркей мәселесін шешеміз деп уәде берді. Қамба қожайыны халық талабын орындамаса, диірменді ауыл сыртына шығаруға шешім шығарамыз деп отыр.