Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025

      Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыдағы жаңа төселген жолдардың сапасы сыналуда

    Алматыдағы жаңа төселген жолдардың сапасы сыналуда

    Жаңалықтар 03.08.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматының негізгі көшелеріне орташа жөндеу жүргізем деп халықтың наразылығына тап болған қала әкімдігі жол төсеу жұмыстарын жалғастыруда. Қарсылыққа қарамастан Абай, әл-Фараби даңғылдарына жаңа асфальт жабыны төселді. Енді қаланың солтүстігіндегі елдімекендерге қатынайтын күре жолдың бірі – Сайын даңғылына (Мөңке биден солтүстік бағытқа) да жаңа асфальт қабаты төселді. Бір ерекшелігі – биыл жол жабыны жаңа технологиямен төселуде. Жолдың қызмет мерзімін ұзарту, тегістігін сақтау мақсатында полимерлі асфальтбетонға титан қосылған. Ал жолда қолданылатын материалдардың сапасын тексеру, технологиясын бақылау Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына жүктелген.   

    2023 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен көше-жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда.

    Алматының Алатау ауданындағы Сайындаңғылына, Наурызбай ауданындағы көшелерге жаңа технологиямен төселіп жатқан асфальт жабындысының сапасы да тексеріліп жатыр. Ол үшін филиал мамандары жол қабатынан арнайы құрылғы арқылы керн сынамаларын алуда. Алынған сынамалар мекеменің зертханасына жіберіліп жатыр. Алматы филиланың инженері Досжан Сұрапбергеновтің айтуынша, тексеру жұмыстары жол жөндеуге тапсырыс берушімен арадағы келісімшарт аясында жүзеге асуда.

    «Бұл сынамаларды алу арқылы жол қабатының тығыздығы, қалыңдығы, су өткізгіштігі арнайы құрылғыларда білікті мамандардың жіті бақылауында тексеріледі. Мұның бәрі барлық талапқа сай зертханада жүзеге асады. Сынамалардан алынған нәтижелер тапсырыс берушіге ұсынылады», — дейді Досжан Сұрапбергенов. 

    Бір айта кетерлігі, Алматы филиалының мамандары алынған керн сынамаларына бірегей QR код жабыстыруды қолға алған. Бұл – сынама нәтижесіне өзге үшінші тұлғалардың араласуына тосқауыл болмақ. Оған қоса, жол учаскесінен алынған сынама зертханаға дейін, нәтиже шыққанға дейін бақылауда болады. Қалалық мобильдік басқармасының дерегінше, Алматы әкімдігі 2023 жылы ұзындығы 200 шақырым болатын 230 көшенің жолдарын жөндеуге 20 миллиард теңге қарастырған. Бұл қаржы көлемі 2022 жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдіктері мен қала тұрғындарының өтініші бойынша бекітіліпті. Ал 2022 жылы қала әкімдігі ұзындығы 189 шақырым жолға 17,5 миллиард теңге жұмсады.

    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.