Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

0

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, – деп хабарлайды Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.