Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі аясында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫ: ХАЛЫҚТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ» тақырыбында Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумы өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.
Іс-шара Орталық Азия мемлекеттерінің ғалым-сарапшылары арасындағы диалогты кеңейту жолымен тарихи процестерді зерттеу мен тарихи құбылыстарды бағалауда бірегей кеңістік, мәдени, саяси контекстте синхронды көзқарас қалыптастыруға алғышарт жасауға бағытталды.
Қатысушыларға құттықтау сөздерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, сонымен бірге Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы делегациялары жеткізді.
Форумның басты ерекшелігі ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырумен «Орталық Азия елдерінің жас ғалымдарының диалогы» тақырыбында Орталық Азия елдерінің жас ғалымдарының панелдік сессия өткізді.
Панельдік сессия жұмысында бірнеше мәселелер талқыланды:
➢Елдер арасында қазіргі ғылым және мәдениет саласындағы коммуникация қалай дамуы қажет?
➢Орталық Азия мемлекеттерінің тарихын бірлесе жазуға дайынбыз ба?
➢Аймақ тарихындағы оқиғалар, ғылым мен мәдениетіндегі жетістіктер қазіргі күн тәртібіне қалай әсер етеді?
➢Орталық Азия елдерінің тарихы мен өркениеті: ортақ құндылықтар мен ерекшеліктеріне жас ғалымдардың көзқарасы қалай?
➢Жас тарихшылар арасында коммуникацияны кеңейтудің тетіктері қандай?
➢Тарихтың қоғамдағы рөлін нығайту және жас зерттеушілерді қолдау үшін қандай шаралар қабылдау керек?
Шара қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің жас тарихшылары мен қоғамдық ғылым саласының жас ғалымдары аймақтық интеграцияны дамытуға қатысты нақты ұсыныстар жасалды.
— Орталық Азия елдеріне ортақ тарихты цифрландыру;
— Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени бірегейлігіне қатысты зерттеу жүргізу;
— Ғалымдардың арасында тарихи- мәдени әріптестікті, ғылыми тәжірибе алмасуды қолға алу;
— Тарихты интерпретациялау, зерттеуге қатысты ортақ көзқарас қалыптастыру мақсатында коллаборацияны, ортақ жобаларды жүзеге асыру;
— Жас ғалымдардың ортақ платформасын қалыптастыру. т.б. ұсыныстар жасалып, шешім қабылдауға берілді.
Форум аясында кітап және мұрағат көрмелері, оның ішінде XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының еуропалық және американдық карталарының 100 данасының көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара нәтижесі бойынша Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумының қорытынды хаттамасына қол қойылды.