Абаев жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында үкіметтегі ауыс-түйіс пен жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді.

Министр биліктегі ауыс-түйістерді жаңа Президенттің басқару бағыты екенін айтады.

«Барлығы теңдестірілген. Бұл атқарушы биліктің Қасым-Жомарт Кемеұлының ұлықтау рәсімінде атаған он бағыттың шешімін табу мақсатында жасалып отырған басқару бағыты болса керек», – дейді Абаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, бұл бірінші кезекте саяси декларация.

«Ресми түрде мұның барлығы іс-шараға қатысушыларға айтылса да, расында бұл бүкіл халыққа айтылып отыр, бір жағынан әлемдік қауымдастыққа та айтылды. Жаңа Президент атаған әрбір бағыттың пункті, онда берілген әр тапсырма проблемаларды шешуге, қарапайым халықтың сұрақтарына жауап беру мақсатында айтылды. Ұлықтау рәсімінде айтылған сөздер Тоқаевтың өзіндік месседжі десе де болады: халық оны естіді, енді іске кірісетін кез келді», – деді министр.

Еске салайық, елімізде екі министрлік пайда болып, елорданың, екі облыстық әкімдері ауысып, кейбір ведомстволар қайта құрылған еді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.