Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Арай-2» алқабының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтерді.
Оның біріншісі мәселесі: Д.Баянов. Ш. Руставели, Майлықожа тұрғындары өз көшелеріне баратын жолдың орнына тұрғын үй салып тастаған. Тұрғын үйлер орналасқан төрт жер телімін мемлекет иелігіне қайтару үшін бюджеттен қаражат қарастырылуы тиіс. Бұл ұсынысты шілде айының бірінші онкүндігінде өткізілетін мәслихат отырсында қарастырылатынын жеткізді.
Екінші мәселе: аталған көшелерді электрмен жабдықтау. Бұл бойынша «Тараз электр желісі» мекемесінің учаске басшысы А.Бекбауов мән-жайды түсіндірді. Бүгінде көше тұрғындары электр жарығын басқа көшелерден тартылған электрсымдарынан алып отыр.Күннен- күнге алқаптың тұрғындарының санының өсуіне байланысты тораптың күші жетпеуіне байланысты,басқа тұрғындардың бұрынғы электр торабына қосылуға рұқсат берілмеуде.Ал тұрғындар болса қауіпсіздік шараларын сақтамай электр желісін көршілерінен жалғап тартып алуда.
Шаһар басшысы Қайрат Әскербекұлы электр желісі құрылысының жобасы жасалып,сараптама берілгенін,республикалық бюджеттен қаражат бөлінуін күтіп отырғанын тұрғындарға нақтылап жеткізді.Тұрғындардың күзге дейін шыдаса, алқыптың электрмен қамтамасыз етілудің ауылы алыс емес екен.
Алқапқа келген қала әкіміне тұрғындар бұдан өзге балалар алаңшасын салып беруді сұранды. Қайрат Әскербекұлы жер қатынастары бөліміне алқаптағы бос жатқан жерлерді қарастырып,орнын белгілеуді тапсырды. Жер болса, ойын алаңшасын орнатып беруге уәдесін берді. Сонымен қатар алқаптың жанында өтіп жатқан каналды барып көріп,мамандарға канал бойын абаттандырып, демалыс орнына айналдырудың жобасын әзірлеуді тапсырды.