Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

0

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін бермек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы instagram парақшасында жазды.

– АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ, – деп хабарлады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aidar Kyrykbaıýly (@aidar_kk) 1 Июл 2019 в 8:05 PDT

 

Еске салсақ, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада «Арнау» атты жеке концертін беріп, одан түскен қаржының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатыны жайлы айтқан. Сондай-ақ, осыған дейін отандасымыздың Лондон және Мәскеу қалаларында да жеке ән кештері өтті.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.