Әулиеатадан Арысқа гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды

0

Әулиеатадан Арысқа гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды.

Қазіргі уақытта жалпы құны 8 млн теңгеден аса қаржы көлемін құрайтын 40 тонна азық түлік тиеліп, одан бөлек 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтіледі.

Анықтап айтқанда, 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана құс жұмыртқасы, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр және 1000 дана бөлке нан дайындалды.

Сонымен қатар, Арыс қаласына медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жіберілді. 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлінді.
Жалпы Жамбыл облысында көмек көрсету шаралары жалғасын табады. 180 тоннадан аса гуманитарлық көмек жолданады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Арыс қаласынан 100-ден аса азамат келіп, оларға жан-жақты көмек көрсетіліп, жайлы орындарға жайғастырылуда.

Алдағы күндері де партияның облыстық және аудандық филиалдарындағы арнайы пункттерде жиналған көмек материалдары жолданатын болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.