Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды

0

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген елордалық баспасөз қызметінде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде Қазгидрометтің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Андрианов пен Қазгидромет бас директорының орынбасары Сұлтанов ұсталғаны белгілі болды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.