Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.
Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз — 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.