Таразда шенеунік қамауға алынды

0

Тараздағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының пара алу дерегін анықтады.

Ол жүзу бассейнін пайдалану үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін жеке компания өкілінен делдал арқылы 100 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен соңғы үкім сот арқылы шығарылады», – делінген агенттік хабарламасында.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.