Facebook АҚШ-қа 5 миллиард доллар айыппұл төлейді

0

Facebook қолданушылардың жеке мәліметтерін таратқаны үшін 5 миллиард АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлемек. Бұл туралы АҚШ Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мәлімдеді.

Федералдық сауда комиссиясы (FTC) сондай-ақ Facebook директорлар Кеңесінде қолданушылардың жеке деректерін қорғауды бақылайтын комиссия құруды талап етіп отыр. Тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия компания басшысы Марк Цукербергке бағынбайды.

Facebook-ке салынған айыппұл соммасы тарихта АҚШ үкіметі қолданушылардың жеке ақпаратын сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартқан кез келген компаниямен салыстырғанда рекордтық болып отыр.

Өткен жылы компания Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген қолданушылардың жеке мәліметтерін заңсыз таратқаны үшін дауға қалған еді. Құпия мәліметтерге қол жеткізген Cambridge Analytica саяси консалтингтік фирмасы деректерді саяси науқандарда қолданды деп айыпталған. Жалпы 87 миллионға жуық аккаунттың жеке дерегі таралған. АҚШ тұтынушылардың құқығын қорғау бюросының тергеуіне сәйкес, деректер онлайн-сауалнамалар арқылы заңсыз жиналып, Cambridge Analytica-ға сатылған.

Cambridge Analytica пайдаланушылардың құпия деректеріне қол жеткізген жалғыз фирма емес – одан өзге де ұйымдар рұқсатсыз пайдаланған делінген.

Facebook басшысы Марк Цукерберг өзінің мәлімдемесінде компания қолданушыларының жеке мәліметін қорғауды күшейтетінін жеткізді. «Фирма адамдардың жеке басының құпиясын сақтауға жауапты болғандықтан, алдағы уақытта өз өнімдерінде құпия ақпарат тарамас үшін қолданылатын техникалық жүйелерді қайта қарастырады. Бұл жұмысты атқару үшін жүздеген инженер мен мыңнан астам адам жұмылдырылады деп күтеміз», деді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.