Таразда үшем дүниеге келді

0

Биыл Таразда тұңғыш үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәбилер жоспарланған мерзімнен бірнеше апта ерте жарық көрген. Сондықтан олар алғашқы күннен қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Өмірге аман-сау келген Ислам, Марғұлан және Аслан есімді нәрестелер қазір салмақ қосып, өздерін жақсы сезінеді. 34 жастағы ана Эльвира Қожагелдиева перзентханадан үйіне жіберілді.

Айта кету керек, өткен жылдың осы кезеңінде облыста 2 үшем дүние есігін ашқан болатын. Жалпы жыл басынан бері қалада 3296 бала туған.

«Өзімнің 1 балам, 2 қызым бар. Енді сол төртінші баланы дүниеге әкелсек деп ойлаған едік. Үшем Алланың берген сыйы деп ойлаймын бізге. Өте қуаныштымын», – дейді үшемнің анасы Эльвира Қожагелдиева.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.