Жамбыл облысында 1200-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

0

Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» акциясы ұйымдастырылып, 1200-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

200-ден аса жүргізуші жылдамдықты асырған. Олардың әрқайсы 25 мың теңгеден айыппұл төлейтін болады. Тағы 11 жүргізуші рульге мас күйінде отырған. Жалпы жыл басынан бері Жамбыл облысында 134 жол–көлік оқиғасы тіркелген.

«Осындай шаралар ай сайын өтіп тұрады. Тек «Қауіпсіз жол» ғана емес сонымен қоса, «Автобус», «Маячок» алдын алу шаралары да бар. Осы орайда біз жүргізушілерге әртүрлі ескертпелер таратамыз. Біздің республикалық маңыздағы жолда жүру сағатына 110 шақырым. Алайда жүргізушілер мұны ескермейді. Осының салдарынан жол – көлік оқиғалары орын алып жатады», – дейді облыстық ПД ЖПҚ басшысының орынбасары Самат Құсаинов.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.