Дана Нұржігіт Сенат депутаты болды

0

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітова Сенат депутаты болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Дана Өмірбайқызы Нұржігітова тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Дана Нұржігіт 1972 жылы 22 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1979 жылы Қызылорда қаласындағы №198 мектепке 1-сыныпқа қадам басып, одан әрі отбасының Есік қаласына көшіп келуіне байланысты Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқуын жалғастырады.

Дана Нұржігіт отбасындағы үш баланың тұңғышы, өзінен кейінгі сіңлісі Элиза, інісі Рүстем. Үшеуі де Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінен білім алған. Ең алғаш тікелей эфирге 1997 жылдың 18 ақпаны күні шыққан.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.