Жәнібек Әлімханұлы өзін келемеждеген боксшының жазасын берді

0

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды АҚШ-та жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті. Бұл кештің басты кездесуінде мексикалық Эмануэль Наваррете мен америкалық Франсиско Де Вака екінші аса жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Әлімханұлы – МакЛеллан кездесуі 10 раундқа есептелген. Екінші айналымда қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта канадалық тағы бір рет есінен танды, алайда орнынан тұрып кездесуді  жалғастырды. Әлімханұлы ауыр соққыларын дарытып, мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты, рефериде кездесуді тоқтатты.

Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas белбеулерін сәтті қорғады. Ол сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, чемпиондық титулдарын тартып алған еді.

26 жастағы Әлімханұлы үшін бұл жетінші кездесудегі жетінші жеңіс (үшінші нокаут), ал 32 жастағы МакЛеллан осымен шаршы алаңда төртінші рет жеңілді. Сондай-ақ, оның есебінде 27 жеңіс және үш рет тең түскені бар. Қазақстандық боксшы АҚШ-та бесінші рет өнер көрсетті, ал канадалық болса, бұл елде бірінші рет өнер көрсетті.

https://vk.com/video-6692995_456239259

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.