Атышулы Нейт Диас Энтони Петтисті жеңді 

0

АҚШ-тағы Анахаймда (Калифорния штаты) Honda Center алаңында UFC 241 турнирі өтті. Жеңіл салмақтағы (70 кг) бұрынғы чемпион Энтони Петтис Нейт Диаспен кездесті.

Барлық үш раундқа созылған кездесуде Диас төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ол қарсыласына 283 соққы жасап, оның 160-ын дарыта білді. Сондай-ақ осы турнир аясында Хабиб Нурмагомедовпен бірге жаттығып жүрген Дэниел Кормье де жекпе-жекке шығып, Стипе Миочичтен нокаут болды.

Айта кетейік, осы кештің басты кездесуінде америкалық Миочич АҚШ-тың ардагер файтері 40 жастағы Дэниэл Кормьені нокаутқа түсірді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.