Биыл Жамбылда 1,7 миллиард теңгеге 300-ден аса медициналық техника алынды

0

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадр тапшылығы тікелей әсер ететінін жеткізді, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің тапсырысы бойынша өңірімізде 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан астам маман қажеттігі туындап тұр. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр», – дейді Марат Жаманқұлов.

Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттігі зерделеніп, нәтижесінде  акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталған. Осы орайда облыстық бюджеттен 8,7 миллион теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда.

Сонымен қатар, мамандар тарту үшін әлеуметтік жағдайдың жасалу маңызы да зор. Бұл мақсатта биыл жас мамандарға 100 мыңнан 800 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек түрін көрсету жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын несие, 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы көзделген.

Сондай-ақ, айта кету керек, былтыр өңірдегі медициналық нысандарды жабдықтауға бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлініп, 900-ден астам аппарат сатып алынған. Ал биыл 1,7 миллиард теңгеге 300-ден аса медициналық техника алынса, алдағы екі жылда 1,1 миллиард теңгеден аса сомаға 321 бірлік техника алу жоспарланған. Осылайша, Мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі емханаларды 100 пайыз медициналық құрал-жабдықтармен қамту тапсырмасын орындау көзделіп отыр.

Жалпы ҚР ДСӘДМ ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы енгізілген. Бұл құжат алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылады, сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістердің әрі қарай толықтырылуына негізделген.

Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу мен оны ескерту болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің,  Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылатын болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.