Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады

0

Жамбыл облысының орталығы Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. Кешеден бері «Таразэнергоорталығы» АҚ-на қарасты РК-4 магистралі бойынша ыстық су берілуін қамтамасыз ету қазандығы іске қосылған. Магистральдің су-құбыр жүйесі ыстық сумен толтырылуда, – деп хабарлайды Тarazy.kz.

Айта кету керек, биыл қалада ыстық су тарату жұмыстары жылдағы жоспардан бір ай ерте басталды. Тараз қаласы бойынша ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны — 610 тұрғын үй.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының тұтынушыларын 11 қыркүйектен бастап ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. «Тонкуруш», «Сәтпаев», «Телецентр» массивтеріне және қала орталығының біршама бөлігіне ыстық су 1 қазанға қарай, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі», – деп мәлім етті Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған мәліметке сәйкес,  қала тұтынушыларын ыстық сумен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дейін үздіксіз жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, биыл мамыр айында 712 көпқабатты тұрғын үйге бір айдан аса уақытқа ыстық су берілді.

Бұл ретте жылу энергетика басқармасының бөлім басшысы Князь Тұртаева мен «Таразэнергоорталық» АҚ директорының міндетін атқарушы Жақсылық Жоғыбаевтар осылай мәлімдеген еді.

Жылдағы әдет бойынша биыл да Тараз қаласында жетінші сәуірден бастап жылу мен қатар ыстық су өшірілген болатын. Жылдағы сылтау да біреу- жөндеу керек.  Спикерлердің айтуынша, қалада  жылу құбырларының 72 пайызы ескірген көрінеді. Неліктен ыстық су да өшіріле береді деген көпшіліктің базынасына жауапты маман былай деп жауап берді.

«Бізде қай құбырмен жылу беріледі. Сол құбырмен біз ыстық суды аламыз. Ыстық суға бөлек құбыр жоқ. Сондықтан жылда жаз уақытында қысқа дайындаламыз. Ол үшін біздің мекемеге шамамен екі ай, екі жарым ай керек. Осылайша, жылда жөндеу жұмыстары жүреді», — деген еді сәуірде «ТАРАЗЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ директоры міндетін атқарушы маманы.

Жалпы, Тараз қаласы бойынша 892 көпқабатты үй жылу құбырына қосылған.

Сонымен, екінші және 4 магистраль бойынша жөндеу жүреді. Сөздің қысқасы, жаздан бастап  күзге дейін тағы да ыстық су берілейін деп тұрған жоқ», – дейді мамандар.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.