Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: экономика, мемлекеттік басқару.
Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігін, бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды, премьер-министр кеңсесінің Басшысы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары және «Нұр Отан»партиясының хатшысы болды.