Алматы облысында теміржолда пойыз бен автобус соқтығысты

0

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.

«Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», – деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тоғыз адам зардап шеккен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды

Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрды. Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қалалық ТЖД мына телефондар бойынша жедел желі ашты: (87282) 220213, 220018

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.