Таразда трансфузиялық медицина бойынша халықаралық конференция өтті

0

Тараз қаласында 13-14 қыркүйек күндері «Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарының басшылары және Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы тағы басқа елдердің трансфузиология саласындағы сарапшылары қатысты.

Халықаралық конференцияның кең ауқымды ғылыми бағдарламасында 30-дан астам баяндама оқылып, қазақстандық мамандарға трансфузиялық медицина саласындағы көптеген қызықты хабарламаларды тыңдауға және түрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік туды. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Онда спикерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың» Ресей Федерациясына еңбегі сіңген өнертапқышы Жибурт Евгени, аталған ғылыми-өндірістік орталығының сапасын бақылау және аймақтармен жұмыс жөніндегі басшысы Наталья Тарасова және Жамбыл облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров аталмыш екі күндік халықаралық конференцияның маңыздылығы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Конференция өзекті мәселелерді талқылау үшін әлемнің түрлі елдерінен жиналатын трансфузиологияның жетекші мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналады. Негізгі мақсат – донорлықты дамыту, қан қызметінің инновациялық бағыттарында халықаралық ынтымақтастықты арттыру және қан құю саласында үздік тәжірибені енгізу»,- дейді Гулам Умаров.

Ал, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманованың айтуынша, трансфузиологияның жекелеген проблемалық мәселелерін талқылау қажеттілігі, практикалық тәжірибе алмасудың маңыздылығы және халыққа трансфузиологиялық көмек көрсету стандартын енгізу тиімділігі мониторингінің нәтижелері Қазақстанға трансфузиялық инфекцияларға донорлық қанды зертханалық диагностикалау саласында халықаралық стандартты енгізуге мүмкіндік беруде екен. Ол донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігінің ең маңызды элементтерінің бірі жататын көрінеді.

Өз кезегінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының сапаны бақылау және аймақтармен жұмыс басқармасының бастығы Наталья Тарасова трансфузиялық терапияның иммуногематологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Айта кетейік, конференция барысында клиникалық трансфузиология, өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері, қан қызметіндегі ақпараттық технологиялар және трансфузиялық медицинадағы Зертханалық диагностика бағыттары бойынша үш секция жұмыс жасамақ.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.