Жамбыл облысында 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды

0

Жамбыл облысында 4 күнде 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Олар ел аумағында жүріп-тұру ережесін өрсекел бұзған. Қазір 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оның біреуі адамдардың көшіп-қонуын заңсыз ұйымдастырып келген. Басым көпшілігі құжаттарын уақытылы рәсімдемейді.

Олар негізінен Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, келімсектер саны жылдағыдан артқан. Олардың дені жұмыс іздеп, табыс табу мақсатында келеді. Жедел алдын алу шарасы кезінде аймақта жүрген 152 шетелдік Қазақстан шекарасынан шығарылды. Қалғандарына ескерту жасалған.

«Көші-қон қызметі заңы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасап, соттың шешімін дұрыс орындамағаны үшін тартылған азаматтар. Жеке адамдарға жұмысқа келген адамдар бар. Немесе компаниялар, бізде Мойынқұм, Сарысу жақтарда шетел азаматтарының компаниялары бар, соларға жұмысқа келгендер», – дейді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Маржан Құрмашева.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.