Жамбыл облысының әкімі Сібір жарасын жұқтырған адамдардың жағдайын айтты

0

Жамбыл обылсының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде Сібір жарасын жұқтырған адамдардың жағдайын айтты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

«Ресми мәлімет бойынша, төрт адам ауру жұқтырған, олар ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ. Алдағы екі күнде олар ауруханада шығарылады. Қазірші уақытта олармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, соның аясында қажетті шаралар қабылданатын болады», – деді Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында.

«Бізге карантин енгізу үшін, Қазақстанның бас ветеринариялық дәрігерінің ресми шешімі қажет. Әзірге Ветеринария комитетінен ондай нұсқаулықтар түскен жоқ, сол себепті біз өздігімізден ондай карантин енгізе алмаймыз», – деді Асқар Мырзахметов.

Айта кетейік, Жамбылда күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханада жатыр. Аса қауіпті індеттке шалдыққан науқастардың жағдайы қалыпты дейді ақ халаттылар. Ал мал дәрігерлері бұл кеселдің қайдан келгенін білмей бас қатырып жатыр

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.