Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.
«Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Қырымбек Көшербаев Әкімшілік басшысы қызметінде 82 күн болды.
Айта кетейік, Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Ерлан Қошанов 57 жаста. Ол 1962 жылы 14 сәуірде Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары — Мәжілістегі, Парламенттегі Үкіметтің өкіл қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған. 2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болған.