Тараздағы алаңға Назарбаев атауы берілді

0

Тараз қаласындағы «Достық» алаңына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атауы берілді. Осындай қаулы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында жарияланды.

Мәтінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі қаулы етіп және Жамбыл облыстық мәслихаты Тараз қаласының «Достық» алаңын «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп қайта атау шешімін қабылдағаны айтылады.

«Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», – делінген құжатта.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.