Тараз қаласының өнеркәсіп саласына тиесілі жер телімі қанша аумақты алып жатыр?

0

Республикалық бюджеттен инфрақұрылым тартуға (2,0 миллиард теңгеге дейін) қаражат қарастыру үшін 10,0 миллиард теңгеге жобалар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасының жанындағы Әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету ораталығымен бірлесе «Қарапайым заттардың экономикасы» бағытын дамыту мақсатында,  бизнес–жобаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 миллиард теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 200 миллиард теңгесі агро өнеркәсіп кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеуге бағытталмақ.  Жеңілдетілген несие бойынша екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 пайызбен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады, ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 пайызы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 8 және 5 пайызбен өтейді. 

Бір айта кетерлігі аталған бағдарлама бойынша кредиттің ең жоғарғы сомасы шектелмеген. Бағдарлама бойынша халық  күнделікті тұтынатын 365–ке (67 ОКЭД) жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тауарлардың қатарында, костюм, көйлек, төсек жабындысы, шұлық, аяқ киім, кілем, үстел, орындық сынды тауарлар бар.

 «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы қала әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 1333 кәсіпкерлердің тізімін жолдаған болатын. Бүгінгі таңда 899 кәсіпкерлермен сауалнама жүргізілсе, қалған 434 кәсіпкермен жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге кәсіпкерлік саласы бойынша 9,7 миллиард теңгеге 165 жоба «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсынылып, оның ішінде 4 жоба 205 миллион теңгеге қаржыландыру үшін мақұлданды. Олар: ЖК «Қылышбекова» мал өсіруге 50,0 миллион теңге,  ЖК «Кожабекова» тон тігуге 110 миллион теңге, ЖК «Жумабекова» балабақша ашуға 18 миллион теңге, «Мark of perfeсtion» макарон өндірісін шығаруға 27 миллион теңге. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 40 жаңа жұмыс орнын ашылатын болады. Қалған 161 жобаны «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы тарапынан екінші деңгейлі банктерге ұсыну үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, қалған 734 жоба кепілге қоятын мүліктің болмауы, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің сай келмеуінен  және бір жобаның екі рет қайталануына байланысты кері қайтарылған.

Жалпы Тараз қаласының өнеркәсіп саласына тиесілі жер телімі 4297 гектарды немесе қала аумағының 22,9 пайызын құрайды. Бұл жерлердегі пайдаланушылар саны 3400 бірлікке жетті. Тараз қаласының өндірістік аумағының (Төле би, Ниетқалиев, Исатай, Сүлейменов және әл–Фараби көшелері бойынша) картасы әзірленіп, 1487 гектарды құрайтын 379 жер иеленуші кәсіпкерлердің картасы жасақталды. Ол жерлерде, инвентаризациялау жұмыстарының нәтижесі бойынша 209,2 гектарды құрайтын 21 нысанның өндірістік қызметі тоқтап, тиісті жер телімдерінің бос тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, Сыпатай, Мәмбет батыр көшелеріндегі 217 гектарды құрайтын 209 жер пайдаланушылар саны бар болса, онда 28,1 гектарды құрайтын 8 бос өндіріс нысандары анықталды.



Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.