Таразда 35 273 кәсіпкерлік субъект тіркелген

0

Тараз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 48 миллиард 131,5 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 112,7 пайыз құрады  (2018 жылы – 41 миллиард 59,1 миллион теңге), – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Халықтың жан басына шаққандағы (358,2 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 134,5 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 115,2 мың теңге).

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдар – 22 миллиард 873,5 миллион теңгені құрап, 30,5 пайызға (2018 жыл – 17 523,7 миллион теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 23 миллиард 568,3 миллион теңге немесе 2,7 пайызға (2018 жыл – 22 949,4 миллион теңге), банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 1 миллиард 689,7 миллион теңгені құрап, 2,9 есеге өскен (2018 жыл – 586,3 миллион теңге).

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 141 миллиард 766,9 миллион теңге (2018 жылы – 132 275 миллион теңге) немесе  нақты көлем индексі 101,3 пайыз құрады. Көтерме сауда тауар айналымы  108 миллиард 621,3 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 113,2 пайызға орындалды (2018 жылы – 90 339,6 миллион теңге).     

Қалада қазіргі уақытта 35 273 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе (2018 жылы – 31 829), оның ішінде 28947 жеке кәсіпкер, 6164 шағын, 30 орта және 132 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 26 950 (2018 жылы – 22 536), оның ішінде жеке кәсіпкер – 22757, шағын – 4045, орта – 29 және шаруа қожалығы – 119 құрайды.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,4 пайыз немесе 6 миллиард 463,8 миллион теңгені құрады (2018 жылы – 21,1 пайыз немесе 5 681,3 миллион теңге). Қала бюджеті бойынша  шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,2 пайыз немесе 2 миллиард 333,4 миллион теңгені құрады (2018 жылы – 22,0 пайыз немесе 1 743,9 миллион теңге).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында, 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларында субсидия тетігі бойынша 1 миллиард 241,0 миллион теңгеге 15 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша – 238,4 миллион теңгеге 44 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, Несиелендіру «Береке 3» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде 721,0 миллион теңгеге 21 жоба және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1 миллиард 143,3 миллион теңгеге Тараз қаласы бойынша 97 жоба қаржыландырылды.

2019  жылдың мамыр айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 миллион теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар мамыр айының  4–нен бастап 24 маусымға дейін 18 жоба қабылданды. Жамбыл облыстық  Аймақтық Үйлестіру Кеңесімен 29 маусым күні байқау өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласынан 4 жоба 8,0 миллион теңгеге: Жеке кәсіпкер «Алике» құлпынай өсіруге жылыжай үшін 2,0 миллион теңге, Жеке кәсіпкер «Нұрлан» арнайы құралдар жасау үшін 1,5 миллион теңге, Жеке кәсіпкер «Energy» электр тоғын үнемдейтін құралдар шығару үшін 1,5 миллион теңге, Жеке кәсіпкер «Ecosystem services» арнайы құрал–жабдықпен сорланған жерлердің құнарлығын арттыру үшін  3,0 миллион теңге грант ұтып алды.         

«Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша жастар жылына байланысты Республикалық бюджеттен 21 миллион теңге, облыстық бюджеттен 303 миллион теңге қаражат барлығы Жамбыл облысы бойынша 324 миллион теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде 109,2 миллион теңгеге 47 жоба Тараз қаласының жас кәсіпкерлері ұтып алды.

Заңды тіркеліп, кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында, облыс әкімі А.Мырзахметовтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қаладағы заңсыз орналасқан және құжаттарының мерзімдері өтіп кеткен 140–тан аса дүңгіршектер мен павильондардар анықталып, бүгінгі күнге 109–ы алынып тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда. Заңсыз контейнерлік дүңгіршектер мен сауда нүктелерінің орнына, типтік коммерциялық дүңгіршектерді «Тараз» ӘКК ҰК АҚ–ның тетігі арқылы  конкурстық негізде орнату бойынша 5 рет аукцион өткізіліп, 26 жер учаскесі жеке тұлғаларға берілсе, 23 жер учаскесінің құжаттары дайындалып аукцион арқылы жеке тұлғаларға берілетін болады. Мұндағы міндетті шарттың бірі, қатысушыларға ұсынылатын  сауда нүктелерінің эскиздері бірыңғай сәулеттік стильде болуы тиіс.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.