Таразда биыл 101 нысанның құрылысына 30 миллиардтан аса теңге қарастырылған

0

Жамбыл обылсының орталығы Тараз қаласындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 20 миллиард 9,4 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады (2018 жылы – 18 687,5 миллион теңге).  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард 321,9 миллион теңгеге артып отыр, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30 миллиард 707,8 миллион теңгеге 101 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 22 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

Ағымды жылы «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында төмендегі жобалар жүзеге асырылуда:

– Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы 2020 жылы аяқталады;

– «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды;

– №8,9,10,11 мөлтек аудандарын және «Көктем» алқабын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде;

– Шалғай Қарасу алқабының Модарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2–ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1–ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК–ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 100,0 миллион теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде;

– Ағымды жылы құрылысы аяқталатын 4–ші Тараз энерго орталығынан басталатын М–2–ші және М–4–ші жылу магистральдарінің қайта жаңғырту;

– «Арай» көпқабатты тұрғын алқабының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру,  арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру;

– «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу құрылыстары.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда  10 мың 300 отбасына арналған 280 көпқабатты үйлерді құрайтын 15–ші мөлтек ауданыңың құрылысы жүргізілуде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұдан басқа 80 және 60 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 80 пәтерлі арендалық 11 тұрғын үйдің құрылысын бастауға қала бюджетінен 22,0 миллион теңге қаржы қарастырылды.  

Аталған бағдарлама аясында, «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14–ші мөлтек ауданында 5 460 отбасына арналған 9 және 12  көпқабатты 49 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айында аяқталатын болады. Жалпы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.