Таразда оқушы қызды қорлады деген күдікті Алматыда ұсталды

0

18 қазанда өз қызын қорлады деген Тараз тұрғыны Алматыда ұсталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға зәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Бұл жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген.

Күдікті Алматы қаласында ұсталған. 

«Биыл 21 қазанда сағат 17.00 шамасында Алматы қаласында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған деген 36 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті ары қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін Тараз қаласына жеткізіледі», – деп жазды Жамбыл облысы ПД басшысы Арман Оразалиев Facebook.kz желісіндегі парақшасында. 

Ал тәртіп сақшылары әзірге тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.

«Төрт күн өткеннен кейін жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда екені анықталып, қолға түсті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде», – дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Бекқожаев.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.