Анаркүл апа туралы бір үзік сыр….

0

Тағдыр талайымен алыстағы туған жерін тастап, 1960 жылдары Қазақстандағы тың игеру кезінде сонау Иванофранкиевскі облысы,Варона селосынан төрт украин отбасы келдік деп еске алады Анаркүл апа.Анасы – Олена,ағасы-Багдам және өзі.Қазақстанға келгенде Анаркүл апамыз қаршадай 15 жастағы қыз екен.15 –тегі ойын баласы келе,еңбекке араласып,қызылша алаңынан табылған. Сол кездегі қара жұмыс,қызылшаны баптап өсіру оңайға соқпады,бірақ қыз мойымады.Анасына ілесіп таңда кетіп,кеш қайтып жүрді.Сол кездегі тынымсыз еңбек,колхоз жұмысының қиындығына мойымаған күндер анамызды Еңбек ері дәрежесіне дейін көтеріп, «Еңбек ері» медальімен марапатталды.Еңбектің арқасында аудандық депутаттыққа сайланып,1968 жылы Алматы қаласындағы еңбек слетіне қатысып қайтты.

1962 жылы 17 жасында қазақ жігіті – Тоқтасын ағамыздың етегінен ұстап,үлкен Қоңырбай ұрпағының, Иманбаевтар отбасына келін болып түседі.Тоқтасын ағамыз да елге сыйлы,бақытын еңбектен тапқан бригадир болған.Апамыз үйленгендегі керемет жайтты еске алды: ауыл молдасы некелерін қиып,апамыздың атын Ганнадан, қазақша Анаркүл болсын деп жария етеді.Содан бері апамыз бүкіл ауылға Анаркүл қазақтың келіні болып аталып кеткен екен.Бүгінде анамыз қазақтың салт –дәстүрін,ырым –тыйымдарын қазақ келіндерінен де артық біліп,ұстанады десек артық айтпаған болар едім.Мысалға айтар болсақ,қайныларының атын атамай,барлығына ат қойған.Мақалдап сөйлегенде алдына жан салмайды.Келіндеріне сәлем салдырып, қазақтың салтын сақтап келеді.

Қазіргі таңда Тоқтасын ағамыз бен апамыз 9 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп отырған,құтты орындарына қондырып,ұлын –ұяға қызын қияға ұшырған бақытты ,үлкен,ел қызыға да ,қызғана қарайтын отбасы болып отыр.Батыр ана – 9 ұл – қыздан 40 немере, 24 шөбере көріп отырған бақытты әже.Әулеттен тараған ұл мен қыздар Алматы қаласында тұрып жатыр.Ұлының үлкені,қара шаңырақ иелері Сайлау мен Махаббат апаның жағдайын жасап отырған жандар. Ұлы -Ерғали кәсіпкер,келіні -Гүлбүбі,ауылдағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз.Ерғалидан тараған немерелері Ақжүніс пен Ерсұлтан өнерді бағындырып жүрген балғындар.Немерелері де өнерден,спорттан құралақан емес.Немересі Әлібектен тараған Дулат шөбересі мен Бексұлтан еркін күрестен Республикалық жарыстардың жүлдегері. 3жасар шөбересі Асхатқызы Аилин Республикалық деңгейде би жарысынан бас жүлдені иеленіп,медальмен марапатталды.

Қазір Тоқтасын ағамыз бұл өмірде жоқ,апамыз бір сәт жан –жарын есіне алып,көзіне жас алды.Бірақ,ана бақыты ортаймақ емес, өйткені немере,шөберелерінің ортасында марқайып,ұл-қыздары арқылы мақтанып отырған бақытты әже,қамқор ана,бір әулетті айрандай ұйытып отырған асыл жар,асыл ана!Ананың мейірімі жан –жағына өз шуағын төгеді.Осы шуақпен жылынып,асыл ананың құшағына мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап,аялай білсе,бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

№2 шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Қ.Өтепбергенова

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.