Қазақстан Президенті 66 жасқа толды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның екінші президенті 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда дүниеге келген.
1975 жылы Мәскеудегі мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген, 1992 жылы РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген (халықаралық қатынастар маманы).
Қазақстанның Тәуелсіздігіне дейін КСРО сыртқы істер министрлігі мен Союздың елшіліктерінде жұмыс істеген. 1993 жылдың желтоқсанынан 1994 жылдың қазанына дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, 1994-тен 1999-ға дейін елдің сыртқы істер министрі. Одан кейін премьер-министрдің орынбасары, премьер-министр, мемлекеттік хатшы болды. 2011 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың қазанына дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болды, БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық бөлімін басқарды. 2013 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың наурызына дейін ҚР Парламент Сенатының төрағасы болған.
19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметін босатқан соң президент лауазымы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаева тиді. 20 наурызда ол ант берді.
Президент қызметіне кірісе сала Астананың атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгертіп жіберген алғашқы жарлығына қол қойды. Ең алғаш қол қойған заңы – ҚР Конституциясына өзгерту енгізу туралы заң болды.