Желтоқсанда Британияда мерзімінен бұрын сайлау өтеді

0

Оппозиция өкілдері қазіргі премьер-министр Борис Джонсонның ұсынысын қабылдады 

Британияда оппозициялық Лейбористер партиясы премьер-министр Борис Джонсонның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды ВВС. Саясаткерлер желтоқсан айына жоспарланған сайлау Британияны Брексит кесірінен туындаған тығырықтан алып шығады деп үміттеніп отыр.

Қауым палатасы сайлау туралы қаулыны енді жариялайды.

«Егер Брекситті келісімсіз жүзеге асыру мәселесі қарастырылмаса, біз сайлауға дайын екенімізді айтқанбыз. Еуроодақтың Брекситті 31 қаңтарға дейін шегергенін естіп, алдағы үш айда да Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шықпайды деген үміттеміз», – деді оппозиция өкілдері.

Қауым палатасының сайлауға қатысты отырысы тарысты болады деп күтілуде, себебі конституциялық құқық бойынша Парламент сайлау туралы қаулыны өзгерте алады. Айта кету керек, оппозиция сайлауға дауыс беру жасын 18 жастан 16 жасқа түсіруді, Британияда тұратын Еуроодаққа мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына дауыс беруге рұқсат беруді сұрап отыр. Оппозиция бұл миллиондаған адам Брекситке қарсы болғандықтан, өздерін қолдайтынына сенімді. 

Үкімет сайлауды 12-желтоқсанда өткізуді ұсынды, ал оппозиция өкілдері сайлауды ертерек өткізгісі келетінін жеткізді. Айта кету керек, Парламент сайлауға 25 жұмыс күні қалғанда таратылуы тиіс.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.