Таразда оқушы қыз жоғалып кетті

0

Жамбыл облысында 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Таяуда ол Тараз қаласындағы өз үйінен шығып, қайтар оралмаған, – деп хабарлайды облыстық полиция баспасөз қызметі.

«Жамбыл облыстық полиция департаменті із-түссіз жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды (2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген) іздестіріп жатыр. 31 қазанда 12:00-де қыз үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған. Бойы 150-155 сантиметр, дене пішімі орта, шашы қоңыр түсті ұзын, қой көзді. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар», – делінген таратылған бағыттамада. 

Қыз бала ақ жейде киген, ақ кроссовка, қара шалбар киген және қара сөмкесі болған. 

«Қыз туралы қандайда бір мәліметті білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102», – делінген хабарламада. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.