Жамбыл облысында лауазымды тұлғалар жемқорлық үшін сотталды

0

Жамбыл облысының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн. 106 мың теңгенің 1 млн. 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын», – делінген хабарламада. 

Бұл ретте азамат Ағдавлетовтың қылмыстық іс-әрекеттері оның өз бетінше билік өкілі (прокуратура органдарының қызметкері) атын жамылуымен ұштасқан.

«Биыл 30 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Көбегенов 7 жылға бас бостандығынан және біліктілік сыныбынан айырылды. Осы үкіммен Бастыбаев «майор» әскери атағынан айырып, оны 5 жылға бас бостандығын шектеді және Ағдавлетовке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.