2019 жылдың 16 қазанынан «Арбат» жаяу жүргіншілер кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Төле би даңғылы Байзақ батыр көшесінен С. Аққозиев көшесі аралығы жолаушы көліктерінің қатынауына жабылатын болады, — деп хабарлайды Тarazy.kz Тараз қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған орай, жолаушы бағыттарының жүру схемалары төмендегідей өзгертіліп, қатынайды:
— № 23 автобус бағыты Пушкин көшесінен Байтасов көшесі арқылы Аскаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 47 автобус бағыты Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесі арқылы А.Аскаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 13, №14, №19, №27, №46, №56 автобус бағыттары Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Төле би даңғылымен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 41, №6, №7, №33, № 36, №37, №54, №57 автобус бағыттары Пушкин көшесінен Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Төле би даңғылы немесе Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 9, №16, №20, №55 автобус бағыттары Төле би даңғылынан Байзақ батыр көшесіне, Ташкент көшесі арқылы Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 15 автобус бағыты Байзақ батыр көшесінен Төле би даңғылына, Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 4, №34, №42 автобус бағыттары Аққозиев көшесінен Төле би даңғылына әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);