Нұр-Сұлтанда «Хан Шатырдан» өрт шықты

0

Полиция қызметкерлері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қарашада сағат 09.42-де 101 пультіне «Хан Шатыр» СОО-ның астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Техникалық бөлмеде электр кабельдері өртенді. Өрт 10.36-да 5 қума метр алаңда сөндірілді. Қызметкерлерді әкімшілік өртсөндірушілер келгенге дейін эвакуациялады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.