АҚШ-та сынақ кезінде SpaceX компаниясына тиесілі зымыран прототипі жарылды

0

АҚШ-та сынақ кезінде SpaceX компаниясына тиесілі зымыран прототипі жарылды. Бұл туралы NASAspaceflight сайтында айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайттағы мәліметке қарағанда, төтенше жағдай кеше, сәрсенбіде Американың Техас штатындағы Бока Чика полигонында болған. Компаниядағылардың айтуынша, жүйеде қысым жоғарылап кеткендіктен осындай төтенше жағдай болған.

Енді SpaceX компаниясындағылардың сөзіне сенсек, алдағы уақытта зымыранның жетілдірілген нұсқасын жасау жоспарда бар.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.