Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды: 6 жұмысшы зардап шекті

0

Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды. Төтенше жағдай салдарынан алты жұмысшы зардап шекті. Барлығы Өзбекстан азаматтары, – деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, 21 қарашада 15:30-да Сайрам тұрғын алабындағы ғимарат опырылған. 

«Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары», – делінген баспасөз қызметі хабарламасында. 

Олардың үлкені 41-де, ал ең жасы – 23-те. 


Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

«Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. Үйінділер астында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 24 қызметкер және үш өрт сөндіру техникасы, сегіз жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, екі арнайы техника және бір кинолог жұмылдырылды», – делінген ТЖК хабарламасында. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.