2019 жылғы 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың көптеген аймақтарында жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
– Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашынның тоқтап, солтүстік тропосфералық ағындармен ауа температурасының төмендеуі күтіледі, – делінеді ақпаратта.