Мексикалық қақпашы өз алаңынан гол салды

0

Мексикалық «Чивас Гвадалахар» клубының қақпашысы Хосе Родригес өз айып алаңынан қарсыластар қақпасына гол салды, – деп хабарлайды Eurosport.

Мексиканың дәстүрлі чемпионатының соңғы айналымында «Чивас» «Веракрусқа» қарсы ойын кезінде қызықты жағдай болды. 

 94-минутта «Чивас» қақпашысы бұрыштама добын тосып алып, қатты соққымен қарсыластардың қақпасына қарай шірене тепкен. Осы кезде қақпа бос болған, алаңға жүгіріп кеткен «Веракрус» қақпашысы допқа үлгермеген. 

Осылайша ойын 3:1 есебімен «Чивас Гвадалахар» пайдасына шешілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.