Тараз жолдары

0

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Арай» алқабының барлық көшелері мен бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Жалпы ұзындығы 31,086 шақырым жолға асфальт жабындысы төселеді. Жобаның жалпы құны 584 миллион 522 мың 581 теңгені құрайды. Жалпы жоба 4 комплекске бөлінген.Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды («Айя-Сервис» ЖШС). Бүгінге күнде техникалық қадағалаушыны анықтау конкурсы Қаржы бақылау органында шағымдану сатысында тұр. Шағымдарды қарау мерзімі ағымдағы жылдың 24 тамызында аяқталады. Техникалық қадағалаушы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждық жұмыстар басталады.

2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 2 160 миллион теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқаптарының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне қиыршық тас жолдарының және Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қаладағы 136 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 511,1 миллион теңге бөлінген.

Қоғамдық көліктер қатынайтын ұзындығы 740 шақырым құрайтын 83 көшеде көлемі 22600 шаршы метр шұңқырларды қалыпқа келтіру үшін 100,0 млн.тг бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің  71 000 шаршы метрқұрайтын аулаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.