Жастар аллеясы

0

Биыл наурызда «Атшабар» скверіндегі абаттандыру жұмыстары аяқталып, «Жастар аллеясы» болып қайта ашылды. Бұл «Жастар жылына» орай тамаша тарту болды.

Аталған саябақта «Ұлы дала ұландары» стеласы, «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы,  «Кітап» ескерткіші және “Сахна” алаңшасы ашылды.

Мереке күні аталмыш «Жастар» аллеясы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Түркі әлемінің бесігі» бөлімін айшықтайтын театрландырылған көрініспен ашылып, 700-ге жуық өнерпаздардың қатысуымен «Көктем» хореографиялық композициясы және домбырашылар, қобызшы, дауылпазшылардың қатысуымен күй орындау шеберліктерін көрсететін композициялар ұсынылды.

Жамбыл  облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен Тараз қаласында «Балқарағай» фито бар емдеу-сауықтыру орталығы ашылды. Өңір басшысы фитобар аумағында ардагерлермен бірге тал егу рәсіміне қатысты.

Облыста тұңғыш рет ашылған фитобарда алдағы уақытта келушілерге арналып емдік өсімдіктерден дайындалған түрлі тағамдар мен сусындар, денсаулықты жақсартатын диеталық өнімдер ұсынылмақ. Фитобардың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болып табылады.

Сүлейменов көшесінің бойындағы «Атшабар» аллеясын абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл жоба облыстық қала құрылысы кеңесінде жарты жыл қарастырылып, барлық мәселелер анықталған болатын.

Айта кетейік, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи субұрқақтар орнатылады. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде жастар үшін ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға көлемі 6,7х6,7 метрлік LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.