Жастар кәсіпкерлігін дамытуға басымдық берілуде

0

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тараз қаласында 160 жас кәсіпкерлер құжаттар тапсырып, оның ішінде 47 кәсіпкер 105,2 млн. теңге грант ұтып алды.

2019 жылға республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге 725,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні шағын несие 9 жас азаматқа 113,9 млн. теңге берілді.

2019 жылы 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігін қаржыландыруға 110 жас азаматтарға 55 550,0 теңге жоспарланып, оған 101 00,0 мың. теңге берілді. Бүгінгі күнге грант алуға құжат өткізген 100 азамат. Қазіргі таңда, қайтарымсыз грант 20 жас азаматқа (101 00,0 мың.) берілді.

Студенттерді жатақханамен қамту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды.

Қаладағы 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақханалары бар (ТарМУ-804, ТарМПУ-460). 1637 студентке жатақхана қажеттілігі қалыптасқан (ТарМУ-657, ТарМПУ-780, ТИГУ-200).

Осы мәселені шешу үшін Тараз мемлекеттік университеті (1,5 гектар жерге құны-1,3 млрд.теңгеге) 500 орындық (5 қабаттан тұратын) жатақхананың құрылыс жұмыстарын бастап кетті (Қ.Сәтпаев көшесінің соңындағы корпус аумағында).

Ал, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде 500 орындық (5 қабаттан тұратын) жатақхана құрылысы а.ж. қазан айында басталады деп күтілуде.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қаласынан бұрыңғы қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін шешті.

Сонымен қатар, 2 колледжге 650 орындық жатақхана салу қажет.

Оның ішінде: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне 300 орын (942 студент білім алуда), Жамбыл медицина колледжіне (2300 студент білім алуда), 350 орын қажеттілік қалыптасқан.

Осыған орай, екі колледжге бір ғимараттан 650 орындық жатақхана мәселесін шешу көзделуде.

Бүгінгі күнге, Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы көшесі бойындағы «АЮ» жекеменшік балабақшасына қарама-қарсы 6 қабаттан тұратын құрылысы бітпеген ғимараттың құрылысын аяқтау жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда.

Анықтама үшін: ғимарат ұзақ жылдар бойы «сақалды құрылыс» болып тұрған, аталған жерде жастар тарапынан құқық бұзушылық фактілері мен өзіне-өзі қол жұмсау талпыныстары орын алған. Ғимаратты аяқтаған жағдайда, бір қатар кері әсерлі факторлардың алдын алуға септігі тиері сөзсіз. Сонымен қатар, келешек жатақхана «Жеңіс» саябағы, «Һибаттула-Тарази» орталық мешіті, «Баласағұн» орталық концерт залының маңайында орналасқан болғандықтан, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге қолайлы болады.

Бұл Мемлекет басшысының «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға арналған» бес әлеуметтік бастамасының нәтижесі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.